Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Депутаттардың азаматтарды қабылдауы
06-10-2021 17:07
Депутаттардың азаматтарды қабылдауы

Павлодар облыстық мәслихатының депутаттары Марина Стрелковская, Динара Айтжанова және Света Абдраманова «Павлодар қалалық балалы әйелдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығы» КММ отбасылық ХҚКО-да азаматтарды қабылдады. Барлық келіп түскен сұрақтар әлеуметтік салаға қатысты болды: тұрғын үй, жұмысқа орналасу, құжаттандыру және азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек алу мүмкіндігі.Сондай-ақ, отбасылық тәрбие және баланың жеке басын қалыптастырудағы ата-аналардың рөлінің маңыздылығы туралы мәселе талқыланды.

Облыстық мәслихат депутаттары келіп түскен барлық мәселелер бойынша түсініктемелер берді, олардың бір бөлігі жеке қабылдау барысында оң шешімін тапты. Алдағы уақытта депутаттар осындай кездесулерді отбасылық ХҚКО-да тұрақты негізде өткізуге ниетті.