Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Жол картасы нысандарының мониторингі
08-10-2021 18:14
Жол картасы нысандарының мониторингі

Облыстық және қалалық мәслихаттардың хатшылары Ернұр Айткенов, Сандуғаш Қалижанова және осы мәслихаттардың жеті депутаты "Nur Otan"партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол картасының тоғыз нысанына мониторинг жүргізді. Олар Астана көшесіндегі жолдың қайта жөнделуіне, Ақпараттық технологиялар колледжінің оқу корпусы мен шеберханаларының ғимараттарын қайта жоспарлауына, Жетекші ауылында 100 орындық шағын орталығы бар 300 орындық мектептің құрылысына , Сұлтанов атындағы тері-венерологиялық және инфекциялық бөлімшелерді орналастыру үшін Павлодар облыстық ауруханасының жаңа корпусын, «Сарыарқа»  ықшам ауданындағы 650 орындық мектеп және «Достық» ықшам ауданындағы көп қабатты тұрғын үй салуына мониторинг жүргізді.

Барлық депутаттарға «Сарыарқа» шағын ауданындағы 650 орындық мектептің құрылысы «ГСУ Құрылыс» ЖШС фирмасы салып жатқан нысан ұнады. Әрлеу, электр монтаждау, төмен ағымды жұмыстар, су құбырының сыртқы желілерін орнату және т. б. жұмыстар жүргізілуде.Нысан келесі жылдың сәуір айында тапсырылуы тиіс,  сапасы жақсы және нысанды тапсыру мерзімінен бұрын салынуда. Фирма басшысының айтуынша, нысан ағымдағы жылдың 16 желтоқсанына дейін пайдалануға беріледі.

Басқа нысандар бойынша нысандарды тапсыру мерзімдеріне, әрлеушілер жұмыс істейтін ғимараттарға (Ақпараттық технологиялар колледжі, қосалқы мердігер «ПавлодарРемКомплекс» ЖШС) жылу бермеуіне қатысты ескертулер көп болды, мердігерлік ұйыммен мамандардың жетіспеушілігінен әрлеу жұмыстары баяу жүргізілуде және мектепке арналған жабдықтар мен мүкәммал сатып алуға аванстық төлемдер жүзеге асырылмады (Жетекші ауылындағы мектеп, мердігер «Мехколонна-59» ЖШС), Жетекші ауылының ЖТҚ ауданына қарай сумен жабдықтау желілері бойынша жұмыс жүргізу кестесінен еңбек күшінің тапшылығына және жұмыс өндірісінің нашар ұйымдастырылуына байланысты (мердігер «Көлсай Строй» ЖШС) 2 айдан астам артта қалушылық бар, сыртқы сумен жабдықтауға қосу бойынша жұмыстар, дуал орнату, дезинфекция алаңы бойынша жұмыстар басталмаған (Сұлтанов ат. ауруханасы, мердігер СМФ Мехколонна No59 ЖШС).

 Депутаттар жоғарыда аталған барлық нысандарды тұрақты бақылауда ұстайтын болады.