Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Ұйымдастыру сессиясы
25-03-2016 00:00
Ұйымдастыру сессиясы

Ағымдағы жылдың 24 наурызында Павлодар облыстық мәслихатының VI шақырылған I (ұйымдастыру) сессиясы өтті. Сессияға облыс әкімі Қ. Бозымбаев, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, облыстық мемлекеттік органдарының басшылары, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Облыстық мәслихат депутаттарының сайлауы туралы облыстық аумақтық сайлау комиссясының төрағасы А. Сабырханова баяндап берді. Оның атап өтуінше, 32 депутаттық мандатқа 103 кандидат үміткерленді, олардың 91 сайлау бюллетеніне енгізілді. Сайлау бүкіл сайлау округтерінде жүргізілді. Бірінші сессияның төрағасы болып, № 22 Алюминстрой сайлау округінен депутат А. Есенжолов сайланды. Ашық дауыс беру арқылы қайтадан облыс мәслихатының хатшысы болып Александр Владимирович Берковский сайланды.

Облыс әкімі Қ. Бозымбаев депутаттарды бірлескен жұмыс үшін алғыс білдірді. Оның айтуы бойынша, депутаттардың орта жасы бес жылға қысқарып, 50,5 жасты құрайды және енді әйел депутаттар сегіз. Депутаттар – 28% өнеркәсіптік, 18% ауыл шаруашылық, 28% кәсіпкерлерлік және 32% әлеуметтік саланы құрайды. Облыс әкімі ең алдымен - өздерінің сайлаушыларының сенімін ақтау керектігін атап өтті. Мен сіздермен тәулік бойы 24 сағат жұмыс жасауға дайынмын.

Төраға 2016 жылдың 25 наурызына дейін сессия жұмысының үзілісін жариялады.

Артынша, сессиядан кейін, облыстық мәслихаттың «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракция отырысы болды. Қайта фракция төрағасы болып А. Оспанова, орынбасары - М. Стрелковская сайланды.