Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Павлодар облыстық қоғамдық кеңесінің ағымдағы жылдың 10 айындағы жұмысы туралы
09-11-2021 09:43

Павлодар облыстық қоғамдық кеңесі өз жұмысын жыл басында бекітілген жоспарға сәйкес жүргізуде. Ағымдағы жылдың басынан облыстық қоғамдық кеңестің, оның төралқасы мен тұрақты комиссияларының 28 отырысы өткізілді. Мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер нәтижесінде азаматтар үшін жағымсыз салдарларды анықтау және қоғамдық мүдделерге қысым жасау мақсатында 27 мониторинг жүргізілді.

Қоғамдық кеңес отырысында облыс әкімінің 2020 жылғы негізгі индикаторларға қол жеткізу бойынша жұмыс нәтижелері және алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы есебі тыңдалды, ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім беру және медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың жұмысы, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, «Педагог мәртебесі туралы» Заңның облыста іске асырылу барысы туралы өзекті мәселелер қаралды.

Төралқа мүшелері өз отырысында ауыл жастарын жұмыспен қамту, экология, эпидемиологиялық жағдай және облыста коронавирус бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәселелерді қарады.

Экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі комиссия (төрағасы Владимир Берковский) ағымдағы жылы бірнеше отырыс өткізді. Өнеркәсіп кәсіпорындарының («Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Қазақстан алюминийі», «Каустик», «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» және т.б.) ластаушы заттар шығарындыларының көлемін 680 мың тоннаға дейін азайту мәселесіне, ұсынымдарды орындауға өнеркәсіптік кәсіпорындардың айналасында санитарлық-қорғау аймақтарын көгалдандыру алаңын ұлғайту мәселесіне ерекше назар аударылды. Қоршаған ортаны және экологияны қорғау бойынша жұмыс, экологиялық технологиялар құзыреттілігі орталығының облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен қоршаған ортаны және экологияны қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимылы туралы Мемлекеттік органдардың есептері тыңдалды.

Әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі Комиссия (төрайымы Гульбарам Наурызбаева) облыстық денсаулық сақтау басқармасының пандемияға байланысты жағдай туралы есебін тыңдады, мүгедек адамдар үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінде қолжетімді орта құру мониторингін жүргізді.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері жөніндегі комиссия (төрағасы Кенже Кенисбаев) агроөнеркәсіптік кешен үшін облыстың ауыл шаруашылығы колледждерінің білікті кадрларын даярлау, облыс тұрғындарын өздері өндірген сүт және сүт өнімдерімен қамтамасыз ету мәселелерін қарады.

Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі комиссия (төраға Сергей Гуляев) Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету бойынша ХҚКО жұмысын зерделеді, облыстық қоғамдық кеңестің 2020 жылғы 6 қарашадағы ұсынымдарын орындау бойынша облыстық ІІД жұмысына талдау жасады, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізді.

Экономика және бюджет мәселелері жөніндегі комиссия (төрағасы Ербол Арынов) тұрақты негізде облыстық бюджеттің атқарылуы туралы мониторингті жүзеге асырды, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы және бөлінген қаражаттың игерілуі, болжамдар мен перспективалар туралы тыңдады.  Бұдан басқа, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚРЗ сәйкес Арынов Ербол мен Деймунд Виктор мемлекеттік сатып алу басқармасы өткізген мемлекеттік сатып алу бойынша 53 конкурстық комиссияға қатысты.

Өткізілген отырыстардың қорытындылары және жекелеген әлеуметтік маңызды мәселелерді егжей-тегжейлі зерделеу бойынша қалалар мен аудандар әкімдіктерінің, басқармалар мен департаменттер басшыларының атына шаралар қабылдау үшін облыстық қоғамдық кеңестің ұсынымдары жолданды. Жалпы 20 мемлекеттік органның есептері тыңдалды.

Қоғамдық кеңес бес тұрақты комиссия құрды (әлеуметтік және мәдени даму мәселелері бойынша, экономика және бюджет мәселелері бойынша, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша және экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша), олар облыстық бюджетті игеру, москиттер мен шіркейлерге қарсы санитарлық өңдеу, өнеркәсіптік кәсіпорындардың санитарлық қорғау аймақтарының аумақтарын күтіп-ұстау және көгалдандыру, облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарының зиянды ластаушы заттардың шығарындылары бойынша, туралы, облыс азаматтарын вакцинациялау барысы, ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім беру және медициналық қызметтердің қолжетімділігі, жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысы, облыс аумағында әлеуметтік объектілердің салынуы және күрделі жөнделуі туралы, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жобалардың іске асырылуы туралы, тұрғын үй қатынастары саласында азаматтардың құқықтарын сақтау жөніндегі, азаматтар үшін ақпараттың қолжетімділігі және ашықтығы туралы БАҚ-да және әлеуметтік желілерде жариялау бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

Облыстық қоғамдық кеңес мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерінің 64 жобасы бойынша оң ұсынымдар берді.

Облыстық Қоғамдық кеңестің қызметі туралы ақпарат облыстық мәслихаттың сайтында және әлеуметтік желілерде (Instagram, YouTube) орналастырылады. Сонымен қатар, облыстық қоғамдық кеңес Kazkenes.kz сайтта ақпаратты орналастыру бойынша жұмысты бастады.