Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
ДЕПУТАТТАР АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗДІ
09-11-2021 10:47
ДЕПУТАТТАР АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗДІ

«Nur Otan»партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау аясында партия мүшелеріоблыстық мәслихат хатшысы Ернұр Айткенов Құрылыс және ТКШ мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиядағы әріптестері Александр Терентьев пен Виталий Соломкинмен бірге Успен ауданына республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар: "Павлодар-Успенка-РФ", "Рождественка-Павловка", "Павловка-Галицкое", "Чернорецк-Ольгино-Успенка-Шарбақты" автожолдарын жөндеу үшін облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы және "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ ПФ өкілдерінің қатысуымен барды.

"Павлодар-Успенка-РФ" автожолы ұзақтығы 38 км суық ресайклерлеу әдісімен орындалған, мердігер "АЗА" ЖШС. Олар 80% жол жиегін салды. Енді жарықтандыру, демалу алаңдары, автопавильондар мен белгілерді орнату үшін материалдар дайындау жұмыстары жүргізілуде. Автожолдың құны 1 129,7 млн.теңге, ағымдағы жылдың 2 қарашасына 890,0 млн. теңге игерілді.

"Рождественка-Павловка" автожолында 26,6 км. қиыршық тас төселген асфальтқа ауыстырылды. Ресайклинг әдісімен орташа жөндеу, асфальтбетон жабынын орнату, жол жиектерін жөндеу, жолдарды белгілермен және таңбалармен жабдықтау жүргізілді.

"Павловка-Галицкое" автожолында 7,5 км учаскеде жоспарланған жұмыстар ағымдағы жылдың маусым айында толық көлемде аяқталды.

"Чернорецк-Ольгино-Успенка-Шарбақты" автожолында орташа жөндеу бойынша жоспарланған жұмыстар жалпы ұзындығы 7,8 км толық көлемде аяқталды. Үш автожол жөндеуін "ПКФ ГОРДОРСТРОЙ" ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізді.

Депутаттар Успен ауданындағы барлық тексерілген автожолдардың жақсы сапасын атап өтті. Ағымдағы жылдың қараша айының ортасында облыстың автомобиль жолдарында жүргізілетін құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапасы мен тиімділігі мәселесі облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында қаралатын болады.