Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
50 сессия
18-03-2016 00:00
50 сессия

Ағымдағы жылдың 15 наурызында облыс Г. Г. Нұрханованың төрағалығымен Облыстық мәслихаттың V шақырылған кезектен тыс 50 сессиясы өтті және онда жеті мәселе қарастырылды. Олардың негізгілері – 2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. Осы туралы облыс экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Талғат Қайыркенұлы Шәріпов баяндап берді. Ол облыстық бюджетті айқындау Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 106,108 баптарына сәйкес жүргізілді деп атап өтті. Облыстан қосымша мақсаттық трансферттер және кредиттер 15,3 млрд. теңге сомасында, сонымен қатар ҚР Халықтық фондынан 5,6 млрд. теңге ақша бөлінді.

Мақсаттық трансферттер мен Республикалық бюджеттегі кредиттер өтемақыларды қамтамасыздандыруға, аймақтың экономикалық тұрақтылығына, халыққа кепілді тегін медициналық көмек көрсетуге, дәрі-дәрмек препараттарын сатып алуға, аймақтардағы Жол картасы бизнесі 2020 аясында жеке меншік кәсіпкерлерін қолдауға бағытталады.

Енгізілген өзгертулерді ескере отырып, айқындалған облыстың бюджет көлемі 120,3 млрд теңге, сонымен қатар мақсаттық трансферттер мен республикалық кредиттен 57,6 млрд. теңге, Жол картасы 2020 халықты жұмыспен қамтуды іске асыру шараларын есепке алмағанда мақсаттық трансферттер 3,4 млрд теңге.

Сессия өткеннен кейін облыс әкімі Қ. Бозымбаев топ депутаттарына құрмет грамоталары мен алғыс хаттар тапсырып, сонымен қатар депутаттарды бірге жұмыс жасағанына ризашылығын білдірді.

Облыс мәслихатының хатшысы В. Берковский де депутаттарды белсенді және нәтижелі жұмыстары үшін алғыс білдірді, ал облыс әкімін, тығыз ынтымақтастық үшін және аймақ тұрғындарының өзекті мәселелердің шешілуімен құттықтады.