Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Аграрлық мәселелер бойынша тұрақты комиссия отырысынан
12-11-2021 17:10
Аграрлық мәселелер бойынша тұрақты комиссия отырысынан

Облыстық мәслихаттың депутаты Серик Джартыбаевтің төрағалығымен облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті, онда агроөнеркәсіптік кешен салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жер ресурстарын басқару үшін жағдай жасау бойынша облыста жүргізіліп жатқан жұмыс туралы мәселе қаралды.

Депутаттар алдында сөйлеген сөзінде ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мақашев Нұрболат облыста аграрлық өндіріске инвестиция көлемі артып келе жатқанын атап өтті. Бүгінгі таңда салада 17 инвестициялық жоба іске қосылды. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында бизнесті ашу және дамытуға шағын несиелер берілді. Осы шаралардың барлығы ауыл шаруашылығында жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етті. АӨК саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайларды жақсарту бойынша жұмыс жалғасуда.

Жерді пайдалану мәселелері бойынша Облыстың жер қатынастары басқармасының басшысы Даутбаев Руслан сөз сөйледі.

Сондай-ақ, комиссияда нормативтік құқықтық актілердің жобалары қаралды.

Барлық қаралған мәселелер бойынша депутаттар қаулы қабылдады.