Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Құрылыс және ТКШ жөніндегі тұрақты комиссия отырысынан
12-11-2021 18:16
Құрылыс және ТКШ жөніндегі тұрақты комиссия отырысынан

А.ж. 12 қарашада депутат Александр Терентьевтің төрағалығымен облыстық мәслихаттың құрылыс және ТКШ мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Комиссияда Облыстың құрылыс басқармасының басшысы Қадылжан Сайтиев облыстағы тұрғын үй, әлеуметтік нысандар құрылысының сапасы мен тиімділігі туралы есеп берді. Ол Павлодар облысы бойынша 2021 жылға арналған тұрғын үйді іске қосудың жоспарлы көлемі 445 мың шаршы метрді құрайтынын атап өтті. Жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламалар аясында 726 пәтерлі 10 үй пайдалануға берілді, оның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша -8 (630 пәтер) және Жұмыспен қамту жол картасы бойынша-1 (96 пәтер). Жыл соңына дейін «Нұрлы жер»  бағдарламасы бойынша облыстың үш қаласында тағы 7 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

2021 жылы әлеуметтік мақсаттағы 16 нысан (мектептер, ауруханалар, балабақшалар, мәдениет және спорт объектілері) салу және реконструкциялау көзделген. Бүгінгі таңда 6 нысан пайдалануға берілді. Сондай-ақ, 10 нысан бойынша құрылыс жұмыстары жалғасуда.

Депутаттарды әлеуметтік нысандар кестесінен артта қалу, жобалардың негізсіз қымбаттауы, әлеуметтік нысандар бағасының төмен болуы және т.б. мәселелер қызықтырды.

Тұрақты комиссияның төрағасы Александр Терентьев: «Баға жобада белгілі бір жұмыс көлемі өткізілмеген кезде ғана сақталуы керек», - деді.