Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша
17-11-2021 18:13
Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша

2021 жылдың 17 қарашасында Ернұр Айткенов - облыстық мәслихат хатшысы және Динара Айтжанова - облыстық мәслихаттың депутаты, әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волковтың төрағалығымен «Балалардың құқықтарын қорғау, кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті заңнамалық реттеу»мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының дөңгелек үстеліне онлайн форматта қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар балалардың құқықтарын қорғау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалардың өмірі үшін қолайлы, қауіпсіз және мейірімді ортаны қалыптастыру саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылады.