Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
17-11-2021 18:15
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

Бүгін 2021 жылғы 17 қарашада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Қызмет Істері Агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті жанындағы облыстық қоғамдық кеңес пен ведомствоаралық жұмыс тобының бірлескен отырысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау, мемлекеттік органдардың азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу сапасы мәселелері талқыланды.

Отырысқа облыстық басқармалардың басшылары, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің өкілдері, өңірлердің қоғамдық кеңестерінің төрағалары қатысты.

Кеңесте Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ержан Нагызханович Карымсаков, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ардак Ануарбекович Балгожин, облыс әкімі аппаратының азаматтардың өтініштерін қарауды бақылау бөлімінің басшысы Ризагуль Алексеевна Негманова сөз сөйледі.Облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері Арынов Ербол, Набиев Нурлан, Шокеев Рымтай, ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері, Екібастұз қ. қоғамдық кеңесінің төрағасы Самат Жаинович Рамазанов көтерілген мәселелерді талқылауға белсене қатысты және өз ұсыныстарын енгізді.

Қаралған мәселелердің қорытындысы бойынша облыс басқармаларына, әкімдіктерге қалалар мен аудандардың қоғамдық кеңестеріне ұсыныстар берілді.