Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
ДЕПУТАТТАР БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
18-08-2021 14:45
ДЕПУТАТТАР БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Павлодар облысында 2020-2025 жылдарға арналған "Заманауи мектеп" жобасын іске асыру жалғасуда. Ол күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді және жергілікті білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуды көздейді.

Облыстық мәслихаттың депутаты, облыстың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Динара Айтжанова Павлодар қалалық мәслихатының әріптестерімен – облыстық мәслихат депутаты Света Абдрамановамен, депутаттар  Қобланбек Қожинмен, Айгүл Маликовамен бірге ата-аналар комитеті өкілдерінің, облыстық басқарма мен қалалық білім бөлімінің өкілдерінің қатысуымен Жоба аясында жаңғыртылып жатқан білім беру нысандарын аралады.

Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары аяқталу сатысында. Мектептерде жаңа стандарт бойынша кіру топтары жөнделуде, мектептің іргелес аумағы қайта жаңғыртылуда, дене шынықтырумен айналысу үшін спорт алаңдары орнатылуда, терезелер, есіктер, спорт залдары жөнделіп жатыр, мектеп аумақтарында жаңадан кеспе тастар өзгертіліп немесе жаңадан орнатылады.

Кездесу барысында бірінші кезекте мердігерлік ұйымдардың жұмысына қатысты проблемалық мәселелер талқыланды. Депутаттарды жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы, нысандарды тапсыру мерзімдері қызықтырды.

Облыстың білім басқармасы депутаттарды мердігер ұйымдармен бірлесіп жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлары әзірленіп, кестелері жасалғаны туралы хабардар етті, олар әр мектепте кезең-кезеңімен жүргізіледі. Орындалу барысы, ескертулер, оларды жою арнайы журналда тіркеледі, онда мектеп директорларынан басқа техникалық және авторлық қадағалау өкілдері өз белгілерін қояды.

Мониторинг қорытындысы бойынша жөндеу жұмыстарын жандандыру бойынша ұсыныстар берілді. Барлық проблемалық мәселелер бақылауға алынды.