Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫНАН
29-06-2021 14:56
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫНАН

2021 жылғы 29 маусымда облыстық мәслихаттың депутаты Динара Айтжанованың төрағалығымен әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Облыс тұрғындарын жұмыспен қамту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы және басқа да мәселелер  қаралды.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А. Дисюпова өз есебінде соңғы 3 жылда облыста 72932 жұмыс орны құрылғанын, оның ішінде 35475 тұрақты және 37457 уақытша екенін атап өтті, бұл ретте уақытша жұмыс орындарының үлесі басым, бұл ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстардың маусымдық сипатқа ие болуымен байланысты,сондай-ақ«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 4531 тұрақты жұмыс орны құрылды, бұл жұмыспен қамту шараларының бірі болып табылады. Жалпы қабылданған шаралар жұмыссыздық деңгейін 4,8 пайыз деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік берді. Еңбек нарығындағы жағдай тұрақты.

Павлодар облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Мәулен Үйсінбаев облыс колледждерінде мамандар даярлауға және оқыту құнының бағасын белгілеуге бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін аудиторлық тексерудің қорытындысы туралы сөз сөйледі.

Балалардың каникул кезінде сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы облыс білім беру басқармасы басшысының орынбасары Г.К. Баширова баяндады. Ол жазғы демалысты ұйымдастыру, демалыстың барлық түрін ұйымдастыру мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті. Ағымдағы жылы сауықтыру және жұмыспен қамтуға 299807 мың теңге қарастырылған. Маусым айының 1-і мен 18-і аралығында оқу орындарында 32247 оқушыны қамтитын 323 мектеп жанындағы лагерь ұйымдастырылды. Маусым айының 21-нен бастап облыста 12440 балаға арналған 244 мектеп жанындағы лагерьде 2 маусым басталды. Қала сыртындағы 8 лагерь жұмыс істей бастады.

Отырыс қорытындысы бойынша қаулылар қабылданды.