Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
26 қарашада, жұма күні облыс әкімдігінің кіші мәжіліс залында VII сайланған облыстық мәслихаттың VІII кезекті сессиясы өтеді
18-11-2021 17:42

Жұма күні, 26 қарашада, сағат 11.00-де, облыс әкімдігінің мәжіліс залында (Ак.Сәтбаев көшесі 49, облыс әкімдігі) VII сайланған облыстық мәслихаттың VІII кезекті сессиясы өтеді.

Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

Облыстық мәслихаттың 2020 жылғы 11 желтоқсандағы «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 534/44 шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы.

Агроөнеркәсіптік кешен салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жер ресурстарын басқару үшін жағдай жасау жөнінде облыста жүргізілетін жұмыс туралы және басқа мәселелер.

Облыстық мәслихаттың VІII кезекті сессиясының тікелей көрсетілімін www.oblmaslihat.pavlodar.gov.kz сайтынан, ресми  https://aitube.page.link/9pwX арнасынан көріңіздер.