Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Орындаушы және өкілетті органдардың есебі
15-02-2016 00:00
Орындаушы және өкілетті органдардың есебі

Ағымдағы жылдың 12 ақпанында облыс әкімдігінің үлкен залында Т. Сыздықовтың төрағалығымен Павлодар облысы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Отырыста облыс әкімі Қ Бозымбаевпен облыстық мәслихат хатшысы В Берковскийдің есептері тыңдалды. Облыс әкімі 2015 жылғы аймақтың әлеуметтік – экономикалық даму нәтижелері және алдағы преспективаларға көзделген міндеттер жөнінде есеп берді.

Сонымен 2015 жылғы облыстың тұрақты дамуын қамтамасыздандыру бойынша жоспарланған жұмыс өткізілді. Аумақты дамытудың бірінші 5 жылдық бағдарламасы іске асырылып, аяқталды. Бұл жерде іс-шаралар жоспарының 239 тармақтары жүзеге асырылды. Таяудағы 5 жылда (АІӨ) орта жылдық өсу қарқындылығы 102,3%, тау-кен өндірісінде 103,9%, өңдеушіде 101,2%, ауыл шаруашылығында 110,4% деңгейінде болжанады.

Инвестицияларды тарту бойынша Республика ішінде бірінші орынға ие болды. 450 млрд. теңге көлемінде инвестициялар тартылды. Ең алдымен, инвестициялардың белсенділігінің өсуі индустриализация картаымен байланысты. 2015 жылы енгізілген жобалар бойынша 2-ші 5 жылдық көлем аясында 443 млрд. теңгеден асып түсті. 800 млрд. теңге салымдар көлемімен 20 жоба іске асыру сатысында. Мемлекеттік және салалық бағдарлама аясында орасан қолдауға ие болдық. Бұл жерде ТКШ нысандарын модернизациялаудың өзіне 2,5 млрд. теңгеден аса қаражат 6 жобаны іске асыру үшін бөлінді.

«Нұрлы Жол» бағдараламасы бойынша ұлттық қордан 6,5 млрд. теңге бөлінді, оның ішінен 65,4% игерілді. Жұмыс 14 инвестициялық жобалар бойынша атқарылды.

Облыстық мәслихат хатшысы 2015 жыл бойынша облыстық мәслихат жұмысының нәтижелері бойынша есеп берді. Бұл жұмыстарда депутаттық корпус облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартуға, азаматтардың өмірін жақсартуға арналған жағдайларды жасауға негізгі негізін күшін бағыттаған, аймақтағы нақты мәселелерді шешуде ұтымды жолдарды әрқашан таба білді. Орындаушы билікпен өзара әрекеттесу нәтижесінде мемлекеттік басқарудың тиімділігі артты. Өткен кезеңде 9 сессия және тұрақты комиссияның 36 отырысы өткізілді, онда 144 сұрақ қарастырылды. Оның ішінде негізгі сұрақтар бюджетті қарастыру мен бекітуге, өндірісті, АӨК, әлеуметтік саланы, моноқалаларды дамытуға қатысты болды. Өткен жылы 20 нормативтік-құқықтық актілер қабылданды. Тексеру комиссиясымен 79,9 млрд. теңге соммасында 186 бақылау обьектіліері тексерілді. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Депутаттық сағаттарды өткізу мәслихат жұмысында тиімді формаға айналды. Депутаттық сағатта депутаттар бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерін тыңдайды.

Мұндай кездесулер білім беру, ішкі істер, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік пен әлеуметтік қорғау басқармасының басшыларымен өтті. Заңнамаға сәйкес депутаттар өздерінің сайлау округтерінде жеке сұрақтар бойынша 177 қабылдау және өздерінің сайлау округтерінде 180-нен аса кездесулер өткізді. Қоғамдық кеңестердің отырысында 2016 жылдың 1-ші жарты жылдығына арналған жұмыс жоспары бекітілді.