Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Сенатта өңірлермен жұмысты жандандыру туралы талқыланды
22-11-2021 17:49
Сенатта өңірлермен жұмысты жандандыру туралы талқыланды

Облыстық мәслихат хатшысы Ернұр Айткенов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының облыстық мәслихаттар хатшыларымен, жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңес мүшелерімен және «Өңір» депутаттық тобымен кездесуіне қатысты. Сенат төрағасы Маулен Ашимбаевел Президентінің Жолдауында қойылған аумақтық даму: қалалар мен ауылдарды таза ауыз сумен жүз пайыз қамтамасыз ету, өңірлердің экологиялық проблемаларын шешу және басқа да міндеттерге егжей-тегжейлі тоқталды. Мәслихаттардың міндеті-бөлінетін қаражаттың тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру және жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу.Ол сенаторлар өңірлерді, оның ішінде ауылдық аумақтарды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтті. «Өңір» тобы жұмысының басым бағыттарының бірі – ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз ету, ішкі көші-қон және басқа да мәселелер. Топ депутаттары өңірлерге жиі барып, мәселелерді анықтау үшін жергілікті тұрғындармен кездесіп, оларды шешудің ықтимал жолдарын республикалық деңгейде қарастыруды жоспарлап отыр. Сенат жанындағы мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңес маңызды құрылым болып табылады. Маулен Ашимбаев мәслихаттар хатшыларына өңірлердің мәселелерін шешу үшін мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңеспен неғұрлым белсенді өзара іс-қимыл жасау ұсынысымен жүгінді.