Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Бюджет мәселелері қаралды
24-11-2021 16:45
 Бюджет мәселелері қаралды

Ағымдағы жылғы 23 қарашада облыстық мәслихаттың экономика және бюджет және әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті, облыстық бюджетке, жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу Қағидаларына өзгерістер енгізу, облыста «Цифрлық Қазақстан»мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және т.б. мәселелер қаралды. Облыстық бюджетке өзгерістер енгізу туралы депутаттарға облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчук баяндады. Ол жобада республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер көлемін 3,6 млрд.теңгеге азайтуға байланысты облыстық бюджетті түзету ескерілгенін атап өтті. Бюджеттің шығыс бөлігінде объективті себептер бойынша бюджет шығыстарын 3,9 млрд.теңгеге оңтайландыру жүргізілді, жергілікті атқарушы органдардың резерві бойынша бюджет қаражатын 221,1 млн. теңгеге үнемдеу ескерілді. Нәтижесінде облыстық бюджетте 6,5 млрд.теңге іздестірілді, олар әлеуметтік саланы, халықтың өмір сүру сапасын қолдау бойынша экономиканың нақты секторын қолдауға және өзге де іс-шараларға бағытталатын болады. Енгізілетін өзгерістерді ескере отырып, нақтыланған облыстық бюджеттің көлемі 359,5 млрд.теңгені, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер – 113,0 млрд. теңгені құрайды.

Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.