Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі кеңес

Облыстық мәслихат хатшысы Ернұр Айткенов ҚР Ұлттық экономика министрлігі ұйымдастырған барлық деңгейдегі мәслихат сессияларын онлайн-трансляциялауды ұйымдастыру мәселелері жөніндегі кеңеске қатысты. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Павлодар облыстық мәслихатындағы сессиялар 2019 жылғы наурыздан бастап онлайн режимінде трансляцияланады. 2020 жылғы 11 желтоқсаннан бастап облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың сессиялары Aitube.kz сайтында онлайн-трансляция режимінде өтеді.