Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Облыстық мәслихаттың кезекті VIII сессиясы
26-11-2021 14:26
Облыстық мәслихаттың кезекті VIII сессиясы

Ағымдағы жылғы 26 қарашада облыстық мәслихаттың кезекті VIII сессиясы өтті, онда 2021 жылға арналған облыстық бюджетті нақтылау, агроөнеркәсіптік кешен салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жер ресурстарын басқару үшін жағдайлар жасау, облыстағы тұрғын үйлерді, әлеуметтік объектілерді салу, жөндеу сапасы мен тиімділігі туралы мәселелер қаралды. Облыстың жеті азаматына «Павлодар облысының Құрметті азаматы» атағы берілді. Сонымен қатар, облыс әкімдігі жанындағы сегіз Үйлестіру кеңесі мен Ведомствоаралық комиссияның дербес құрамына өзгерістер енгізілді.

Барлық қаралған мәселелер бойынша сессия шешімдері қабылданды.