Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет мәселесі қаралды
08-12-2021 14:43
2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет мәселесі қаралды

А.ж. 7 желтоқсанда облыстық мәслихат хатшысының, облыстық басқармалар басшыларының, облыстың қалалары мен аудандары әкімдерінің орынбасарларының қатысуымен облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет және Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 21/3 «Амбулаториялық емдеу кезінде Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша ұсыну туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.

Депутаттар бұл мәселелерді қолдап, облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізді.