Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Облыстық қоғамдық кеңес төралқасының отырысы туралы
08-12-2021 10:23
Облыстық қоғамдық кеңес төралқасының отырысы туралы

Бүгін 2021 жылғы 8 желтоқсанда облыстық Қоғамдық кеңес төралқасының кезекті отырысы өтті.  Азық-түлік қауіпсіздігі, бақылау сапасы және ауыл шаруашылығы өнімдері бағасының қолжетімділігі мәселелері қаралды. Облыстың ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармалары басшыларының есептері тыңдалды.

Облыстың кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Жаутикбаев Ернур өз сөзінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі, тұрақтандыру қоры және қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Марат Шугаев облыстық қоғамдық кеңестің төралқасын ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету, сондай-ақ облысты негізгі азық-түлік тауарларымен толық қамтамасыз ету үшін және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

Қаралған мәселенің қорытындысы бойынша облыстық қоғамдық кеңестің төралқасы жоғарыда аталған басқармаларға ұсыныстар берді.