Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Облыстық мәслихаттың кезекті IX сессиясы
10-12-2021 15:48
Облыстық мәслихаттың кезекті IX сессиясы

А. ж. 10 желтоқсанында облыстық мәслихаттың IX кезекті сессиясы өтті, 2022-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет, облыстық полиция департаментінің қоғамдық тәртіпті сақтау және облыс халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы, облыстық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.

Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Ирина Назарчук депутаттарды Мемлекет басшысы қойған міндеттерді ескере отырып әзірленген және 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес алдағы үш жылға арналған өңір дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын облыстық бюджет туралы хабардар етті. Ұсынылған жоба кірістер мен шығыстар бойынша теңдестірілген, барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді және өңірді дамытудың негізгі басымдықтарын көрсетеді.

         Тұтастай алғанда, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді ескере отырып, 2022 жылға арналған облыстық бюджеттің көлемі 346 млрд. т. құрайды. Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттердің көлемі алдын ала 110,4 млрд. т. құрайды. Меншікті кірістердің көлемі – 43,9 млрд. т., оның ішінде салықтық түсімдер – 42,1 млрд. т., салықтық емес түсімдер – 1,8 м. т.

            Түсімдердің негізгі үлесі-56% белгіленген аударымдар нормативтері бойынша Павлодар және Екібастұз қалаларынан облыстық бюджетке түсетін табыс және әлеуметтік салықтарға тиесілі.

Биыл мемлекеттік жоспарлау жүйесіне жаңа тәсілдер іске асырылды. Бюджетті қалыптастыру мемлекеттік бағдарламаларды Ұлттық жобаларға трансформациялауды ескере отырып жүзеге асырылды.

Даму бюджеті шығыстардың жалпы көлемінде шамамен 12% - ті немесе 41,2 млрд.т. құрайды. 69 инвестициялық жоба іске асырылатын болады, оның ішінде 25-і жалғастырылатын және 44-і жаңа жобалар.

Өткен жылдардағыдай жоспарлау кезінде де бюджеттің әлеуметтік бағыттылығы сақталды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылы осы шара әсер етпеген бюджет саласының техникалық қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру жоспарлануда. Бұл мәдениет саласының қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, жүргізушілер және басқалар.

2022 жылдан бастап 2025 жылға дейін мемлекет азаматтық қызметшілердің осы санаттарының жалақысын кезең-кезеңімен 23% - ке арттыратын болады.

Келесі жылы бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 6,6 млрд. теңге бөлінеді.

Әлеуметтік шығыстардың негізгі көлемі-142,8 млрд.теңге немесе 41,3% білім беру жүйесін дамытуға тиесілі.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылатын болады.  Мектептерде, балабақшаларда, колледждерде, қосымша білім беру мекемелерінде және балалар үйлерінде бейнебақылау камералары, дабыл түймелері, хабардар ету жүйелері, турникеттер, металл детекторлар, күзет қызметі орнатылады. Бұл мақсаттарға қосымша 1,2 млрд. т. қарастырылған.

Денсаулық сақтауды дамытуға 8 млрд. т., әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз етуге-12,8 млрд. т., дене шынықтыру және спортқа-10,6 млрд. т., мәдениетті, мұрағаттар мен тілдерді дамытуға-3,4 млрд. т. және т. б. жоспарланған.

        Екінші мәселе бойынша депутаттарға облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Масимов баяндады. Ол жалпы облыс бойынша қылмыстың 4,9% - ке тұрақты төмендегенін, оның ішінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тонау, бұзақылық және бөтен мүлікті ұрлау байқалатынын атап өтті. Сондай-ақ, қоғамдық орындарда, көшелерде, бұрын сотталғандармен, кәмелетке толмағандармен, мас күйінде және отбасылық-тұрмыстық салада жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар саны азайды. Қылмыс деңгейі 10 мың тұрғынға шаққанда 75 қылмысты құрады бұл республика бойынша төмен болып табылады. Учаскелік инспекторлардың алдын алу жұмыстары күшейтілді.

Мемлекет басшысының талаптарын орындау мақсатында, «Жаппай бейнебақылау» бағдарламасы аясында полиция департаментінің барлық бөлімшелерінде және оның аумақтық органдарында полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында 1250 бейнебақылау камерасы орнатылды. Сөз сөйлеушілерге дарынды балалар мен педагогтарды, кәсіпкерлерді қолдау, интернет-алаяқтық аясында полиция жұмысы және қылмыстың алдын алу бойынша үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс туралы сұрақтар қойылды.

Барлық мәселелер бойынша сессия шешімдері қабылданды.