Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Депутаттарды марапаттау
13-12-2021 17:35
Депутаттарды марапаттау

"Nur Otan"  партиясынан облыстық мәслихат хатшысы Ернұр Айткенов Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасуы мен нығаюына, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты депутаттар тобын Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен және ведомстволық наградалармен марапаттады.

Депутаттар Илья Теренченко, Динара Айтжанова, Кайрат Шапуов ҚР Парламенті Сенатының Құрмет грамоталарымен, Азамат Смагулов - Алғыс хатпен марапатталды.

Қазақстан мәслихаттары республикалық қоғамдық бірлестігінің «Құрметті депутаты» атағы Павлодар облыстық мәслихатының 4, 5, 6 шақырылымының депутаты Айман Оспановаға және Павлодар аудандық мәслихатының 6 шақырылымының депутаты Анна Солдатоваға берілді

Рейтинг қорытындысы бойынша «Үздік депутат – 2021» белгісімен Аурика Дяк марапатталды.

Серик Садвакасов Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен Айнур Абитова, Алғыс хатпен - Света Абдраманова марапатталды.

Павлодар облыстық мәслихатының Алғыс хатымен депутаттар Амантай Жарқынбек, Айнар Оспанов және Ирина Чидунчи марапатталды.

А. ж. 11 желтоқсанында облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов депутаттар тобына ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік медальдарды табыстады.