Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Жаңа қойма іске қосылды
15-12-2021 16:07
Жаңа қойма іске қосылды

Ақтоғай кентінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасы шеңберінде аудан орталығы үшін маңызды оқиға болды - облыстық мәслихаттың депутаты, құрылыс және ТКШ жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Александр Терентьев басқаратын «Ақтоғай агро» ЖШС көкөністерді сақтауға арналған арнайы жабдықталған салқындату ғимараты пайдалануға берілді. Көкөніс қоймасының салтанатты ашылуына «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко, Ақтоғай ауданының әкімі Каршыға Арынов қатысты.

Бас директор Александр Терентьев басқаратын «Ақтоғай-Агро» фирмасы ЖШС салған.

Мұнда 5 мың тоннаға жуық көкөніс сақталады: картоп, қырыққабат, қызылша және сәбіз. Қойманың жалпы ауданы 4000 шаршы метрді құрайды.  Тоңазытқыш тасымалдау, сақтау, мұздату, пісу саласында кеңінен қолданылады.

«Егер бұрын біз көкөністерді ауа-райы жылынғанша сақтай алсақ, енді көкөністерді жыл бойы сақтай аламыз. Бұл біздің облыс тұрғындарын жыл бойы көкөніспен қамтамасыз етуге мүмкіндігіміз бар екенін білдіреді», - деп атап өтті кәсіпорын басшысы Александр Терентьев.