Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау
20-12-2021 17:58
Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау

Павлодар облыстық мәслихатының «Nur Otan» партиясының хатшысы Ернұр Айткенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Оған қала тұрғындары облыс орталығындағы көшелерді қайта атау, жұмысқа орналастыру және материалдық көмек көрсету мәселелері бойынша жүгінді.

Облыстық мәслихат хатшысы 7 бала тәрбиелеп отырған көп балалы ананың өтінішіне ерекше назар аударды. Облыстық мәслихат хатшысы көпбалалы анаға материалдық көмек көрсетті.

Ернұр Нұрмұханұлы өтініш берушілерді тыңдап, жеке қабылдау барысында олардың әрқайсысына тиісті түсініктеме берді.