Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
2022-2024 жылдарға арналған о блыстық бюджет туралы
21-12-2021 14:16

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды  дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 4-тармағына сәйкес                    Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 

1. 2022-2024жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 326572077 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 42122566 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 1851322 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – нөлге тең;

трансферттер түсімі – 282598189 мың теңге;

2) шығындар – 326340498 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – -6745982 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 6334984 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 13080966 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 982157 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 982157 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – нөлге тең;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 5995404 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 5995404 мың теңге.

2. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне салықтан түскен түсімдердің жалпы сомасын 2022 жылға келесі мөлшерлерде үлестіру белгіленсін:

1) ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығыбойынша:

Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Ертіс, Май, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсуқаласына– 100 пайыз, Павлодар қаласына – 86 пайыз, Екібастұз қалаларына – 88 пайыз, Железин ауданына – 9,9 пайыз;

2) бірыңғай жиынтық төлемді төлеген жеке тұлғалардан жеке табыс салығын қоса алғанда, төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан жеке табыс салығы бойынша:

Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Май, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу, Павлодар, Екібастұз қалаларына –  100 пайыз;

3) төлем көзінен салық салынатын табыстардан және шетел азаматтарының төлем көзінен салық салынбайтын табыстарынан жеке табыс салығы бойынша:

Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Май, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу қаласына – 100 пайыз, Павлодарқаласына– 67 пайыз, Екібастұз қаласына – 45 пайыз;

4) әлеуметтік салық бойынша:

Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Май, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу қаласына – 100 пайыз, Павлодар қаласына – 67 пайыз, Екібастұз қаласына – 45 пайыз;

5) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары бойынша;

Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Май, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу, Павлодар, Екібастұз қалаларына – 100 пайыз.

3. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерден облыстық бюджетке салықтардан түскен түсімдердің жалпы сомасын 2022 жылға келесі мөлшерлерде үлестіру белгіленсін:

1)     ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығыбойынша:

Железин аудандық бюджетінен – 90,1 пайыз, Павлодар– 14 пайыз, Екібастұз қалаларынан–12 пайыз;

2) төлем көзінен салық салынатын табыстардан және шетел азаматтарының төлем көзінен салық салынбайтын табыстарынан жеке табыс салығы бойынша:

Павлодар – 33 пайыз, Екібастұз қалаларынан –55 пайыз;

3) әлеуметтік салық бойынша:

Павлодар – 33 пайыз, Екібастұз қалаларынан – 55 пайыз.

4. 2022 жылға арналған облыстық бюджетте қалалық бюджеттерден облыстық бюджетке жалпы 50594450 мың теңге сомада бюджеттік алымдар ескерілсін, соның ішінде:

Павлодар

48031164 мың теңге;

Екібастұз

2563286 мың теңге;

5. 2022 жылға арналған облыстық бюджетте аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне облыстық бюджеттен берілетін субвенциялардың көлемі жалпы 40144930 мың теңге сомада ескерілсін, соның ішінде:

Аққулы -                               

3667516 мың теңге;

Ақтоғай-

3682390 мың теңге;

Баянауыл-

4698397 мың теңге;

Железин -

3831083 мың теңге;

Ертіс-                                  

4295538 мың теңге;

Май -                                      

2821680 мың теңге;

Павлодар-                               

4377614 мың теңге;

Тереңкөл -                                    

4384368 мың теңге;

Успен - 

3040780 мың теңге;

Шарбақты-                           

4036941 мың теңге;

Ақсу қаласы-

1308623 мың теңге.

6. 2022 жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылу үдерісінде секвестрге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

7. 2022 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне нысаналы ағымдағы трансферттер келесі мөлшерлерде қарастырылғаны ескерілсін:

89713 мың теңге – мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге;

365651 мың теңге – еңбек нарығын дамытуға;

270311 мың теңге – мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға;

1919189 мың теңге – көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға;

96798 мың теңге – елді мекендердің көшелеріне орташа жөндеу жүргізуге;

51510 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға;

386692 мың теңге – абаттандыру бойынша іс-шараларды жүргізуге;

29020 мың теңге – коммуналдық шаруашылық саласындағы  іс-шараларды өткізуге.

8. 2022 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне нысаналы даму трансферттері келесі мөлшерлерде қарастырылғаны ескерілсін:

166984 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға;

1209755 мың теңге – ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау жүйесін дамытуға;

2051527 мың теңге – сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға;

508309 мың теңге – коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін салуға немесе реконструкциялауға;

74541 мың теңге – Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамытуға;

22222 мың теңге – моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға;

616868 мың теңге – табиғат қорғау іс-шараларын іске асыруға;

300324 мың теңге – «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамытуға;

475856 мың теңге – мәдениет объектілерін дамытуға.

9. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне облыстық бағдарламалар бойынша берілетін жоғары тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттердің көлемі 2022 жылға келесі мөлшерлерде белгіленсін:

1602147 мың теңге – азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;

441624 мың теңге – мемлекеттік мәдениет ұйымдарының және архив мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдарындағы және архив мекемелеріндегі ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына қосымша ақылар белгілеуге;

1008208 мың теңге – мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге;

330885 мың теңге –  үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға;

1137189 мың теңге – мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға;

2942475 мың теңге – еңбек нарығын дамытуға;

21737 мың теңге – мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға;

1778435 мың теңге – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге;

2448712 мың теңге –  көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға;

2615930 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға.

10. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне облыстық бағдарламалар бойынша берілетін жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттерінің көлемі 2022 жылға келесі мөлшерлерде белгіленсін:

1561840 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға;

4637090 мың теңге – ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау  жүйесін дамытуға;

8145772 мың теңге – сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға;

852789 мың теңге – коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға немесе реконструкциялауға;

365656 мың теңге – инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға немесе жайластыруға;

861360 мың теңге – Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамытуға;

200000 мың теңге – моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға;

2702902 мың теңге – «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамытуға.

11. 2022 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне кредит беру келесі мөлшерлерде көзделсін:

5036769 мың теңге – тұрғын үй жобалауға немесе салуға;

1199165 мың теңге – мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін;

99050 мың теңге – кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге.

12. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне нысаналы трансферттердің және бюджеттік кредиттердің көрсетілген сомасын үлестіру облыс әкімдігінің қаулысы негізінде анықталады.

13. Функциялардың берілуіне байланысты аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерден облыстық бюджетке 2022 жылға арналған трансферттердің түсімдері көзделсін:

білім беру саласында – 67313575 мың теңге;

спорт саласында – 2220401 мың теңге;

ветеринария саласында – 994451 мың теңге.

Аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерден берілетін трансферттердің көрсетілген сомаларының облыстық бюджетке түсімдері облыс әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

14. Облыстың жергілікті атқарушы органының 2022 жылға арналған резерві 234972 мың теңге сомасында бекітілсін.

15. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер қарастырылсын.

16. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы

 

Е. Айткенов

 

 

 

 

 

 

                                                                                   

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

 облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 15.12.2021

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 25797 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Павлодарский областной маслихат - руководитель правового отдела Альмира Шайхислямовна Кусаинова, 14.12.2021 16:27:01, положительный результат проверки ЭЦП

Павлодарский областной маслихат - Секретарь Павлодарского областного маслихата Ернур Нурмуханович Айткенов, 14.12.2021 16:27:43, положительный результат проверки ЭЦП