Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Тұрақты комиссия отырысынан
21-12-2021 18:14
Тұрақты комиссия отырысынан

А.ж. 21 желтоқсанда ZOOM режимінде облыстық мәслихат азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшелері - Гульмира Нурханова, Сергей Лепехин, Азамат Смагулов, Амантай Жарқынбек депутат Илья Теренченконың төрағалығымен өткен отырысқа қатысты. Облыстық дін істері басқармасының басшысы Дәулет Закарьянов облыста жерлеу және қабірлерді күту ісін ұйымдастыру Ережелері туралы ақпарат берді. Павлодар облыстық қоғамдық кеңестің құрамы туралы мәселе бойынша облыстық мәслихаттың депутаты, облыстық қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Динара Айтжанова мәлім етті. Мәселелерді талқылағаннан кейін тұрақты комиссия мүшелері ұсынылған жобаларды қолдап, облыстық мәслихат сессиясында қарауға ұсынды.