Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Экология және қоршаған ортаны қорғау туралы
22-12-2021 17:01
Экология және қоршаған ортаны қорғау туралы

Облыстық мәслихат пен облыстың қоғамдық кеңесінің экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі бірлескен отырысы өтті. Павлодар облысы аумағында 2022-2024 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар Жоспарын бекіту туралы, «Nur Otan» партиясы Павлодар қалалық филиалы жанындағы өңірлік қоғамдық экологиялық кеңестің жұмысы туралы мәселелер және басқа да мәселелер қаралды.

Облыстың жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары Шулаков Медет Экологиялық кодекс нормаларына және үлгілік тізбеге сәйкес әзірленген табиғатты қорғау іс-шараларының жоспары туралы хабардар етті. Іс-шаралар негізгі стратегиялық құжаттарға сәйкес айқындалған. Бұл «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі «Өзгеріс жолы: Әркімге лайықты өмір!» жобасын, «Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасын, облыстың экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі Жол картасын, Екібастұз қаласының 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын баяндады. Жалпы жоспар өңірдің барлық негізгі проблемалық мәселелерін қамтиды.

Облыстық мәслихат депутаттары Ирина Чидунчи, Гульмира Олжатай, Раушан Даумова, Азамат Смагулов және қоғамдық кеңес мүшелері Дмитрий Демченко мен Антон Чашин облыс тұрғындарын толғандыратын мәселелерді талқылауға белсенді қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.