Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Облыстық мәслихат хатшысы ақпараттық технологиялар колледжіне барды
24-12-2021 12:50
Облыстық мәслихат хатшысы ақпараттық технологиялар колледжіне барды

Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы, «Nur Otan» партиясының депутаты Ернұр Айткенов жұмыспен қамтудың жол картасы аясында ақпараттық технологиялар колледжіне барды, онда оқу корпусы мен шеберханалардың ғимараттарын қайта құру және қайта жоспарлау жүріп жатыр. Колледж директоры, облыстық мәслихат депутаты Серик Джартыбаев мәслихат хатшысымен бірге оқу корпустары мен шеберханаларды аралап шықты.

Бүгінгі таңда жылыту және сумен жабдықтау жұмыстары аяқталды, ғимараттардың қасбеті толығымен жаңартылды. Спорт залындағы пластик терезелер ауыстырылды, еденде керамогранит төселді, санитариялық тораптарда және асханада кафель плиткалары ауыстырылды. Жаттығу залына арналған жертөле үй-жайын қалпына келтіру аяқталу сатысында. «Сырлау жұмыстары, едендерді кілеммен жабу, жиһаз және компьютерлік техника, сондай - ақ мүгедектерге арналған көтергіштер жеткізу бойынша тәуекелдер бар», - деп атап өтті депутат Ернұр Айткенов. Ол мердігерлерге әрлеу жұмыстарын жеделдетуді ұсынды. Жоспар бойынша олар барлық жұмыстарды 2022 жылдың наурызына дейін аяқтауы керек.

Нысантолық аяқталғанға дейін депутаттық бақылауда қалады.