Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау

Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы, «Nur Otan»партиясынан депутат Ернұр Айткеновтың жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауы өтті. Азаматтар кәсіпкерлікті қолдау, ветеринария және басқа да мәселелер бойынша өтініш білдірді. Барлық жүгінушілерге ҚР қолданыстағы заңнамасы аясында түсініктемелер берілді. Екі өтініш бойынша биліктің атқарушы органдарына депутаттық сауалдар жолданатын болады.