Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Облыстық мәслихат хатшысы мектеп-лицейде болды
28-12-2021 17:38
Облыстық мәслихат хатшысы мектеп-лицейде болды

Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы, «Nur Otan» партиясының депутаты Ернұр Айткенов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Сарыарқа ауданындағы Әлихан Бөкейхан атындағы мектеп-лицейіне барды. Бұл құрылыс тұрақты депутаттық бақылауда болды. Нысан кестеден екі ай бұрын салынған. Облыстық құрылыс басқармасының бастығы Қадылжан Сатиев, облыстық білім басқармасының орынбасары Роза Ақанова депутатты мектеппен таныстырды: биология, химия кабинеттері, компьютерлік сынып, 200 орындық асхана, спорт, акт және оқу залдары қаралды.Қысқы демалыстан кейін балаларды оқытуды бастауды жоспарлап отыр.

Облыстық мәслихат депутаттары атынан Ернұр Айткенов салынған мектептің жақсы сапасы үшін мердігер, «ГСУ Құрылыс» ЖШС Бас директоры Нұрлан Темірболатовқа алғыс білдірді.