Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Депутаттар Шарбақты ауданында
29-12-2021 16:37
Депутаттар Шарбақты ауданында

Павлодар облыстық мәслихатының "Nur Otan" партиясынан депутаттары Серик Садвакасов, Динара Айтжанова, Раушан Даумова, Света Абдраманова, Ирина Чидунчи Шарбақты ауданында "Nur Otan"сайлауалды бағдарламасын орындау мәселелері бойынша болды.

Бірінші кезекте олар Шарбақты ауданындағы жолдардың жөнделуімен танысты, онда ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарлама аясында 76 км жол жөнделді. Жылыбұлақ ауылы туристер, демалушылар келетін Маралды көлінің жанында орналасқан. Биыл елді мекенге дейінгі 10 шақырым жол жөнделіп,жаңартылды.   

Биыл Красиловка ауылына дейінгі 23 км жол және Сахновка ауылына дейінгі 8 км жол қалпына келтірілді.   

Депутаттар облыстың жетекші ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірі "Победа" ЖШС 300 тонна өнімге арналған жаңа заманауи көкөніс қоймасын аралады.   

Сонымен қатар Шарбақты ауданының орталығында салынған 3 қабатты 27 пәтерлі тұрғын үйдің сапасымен танысты. Үй тұрғындарының басым бөлігі-тұрғын үй кезегінде тұрған көп балалы аналар мен жетім балалар. Құрылысы өткен жылы басталған тұрғын үй "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында салынды.Үй орталық сумен жабдықтауға қосылған, өзінің қазандығы бар.