Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Депутаттар "Батыр Көмір" ЖШС – де
30-12-2021 16:56
Депутаттар

Екібастұз қаласындағы "Батыр Көмір" ЖШС-де "Nur Otan" партиясының облыстық мәслихат депутаттары Динара Айтжанова мен Раушан Даумова "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Клименконың, "Павлодарэнерго" энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы" ҚБ төрағасы Б.Толеубаевтың қатысуымен келісім комиссиясының жұмысымен танысты. Айта кету керек, Комиссия 2021 жылы өзінің 28 отырысында қызметкерлердің өтініштерін қарады, оның барысында 10 жағдайда қызметкерлер өкілдері бұйрықтар шығару кезінде еңбек заңнамасының талаптарын бұзғаны дәлелденді. "6 жағдайда жұмыс берушілердің бұйрықтары сот шешімімен жойылды, бұл келісім комиссиясының құрамындағы қызметкерлер өкілдерінің тұжырымдарының заңдылығын растады", - деді "Батыр Көмір" Жергілікті кәсіподағы" ҚБ төрағасы С.Ю. Михайлюк.

Кездесу барысында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қоғамдық бақылау, әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды.