Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Депутаттар Ертіс ауданында
30-12-2021 18:10
Депутаттар Ертіс ауданында

Павлодар облыстық мәслихатының құрамында Сайлау Уразбаев, Нагашыбек Аубакиров, Серик Джартыбаев, Марина Стрелковская "Nur Otan" партиясы депутаттарының жұмыс тобы партияның сайлауалды бағдарламасы аясында Ертіс ауданында әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысымен танысты.

Қызылжар ауылында жұмыс тобының мүшелері "Ауылым-ел бесігі" бағдарламасы аясында қайта жаңғыртудан кейін Мәдениет үйінің және күрделі жөндеуден кейін мектептің жаңартылған жағдайымен танысты.

Ертіс ауылында ағымдағы жылы дене шынықтыру-сауықтыру орталығының құрылысы басталды. Жұмыстарды "КазЕвроСтрой" ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізуде. Құрылыс жұмыстарын аяқтау мерзімі 2022 жылғы тамызда көзделген. Қазіргі уақытта әкімшілік-тұрмыстық кешеннің монолитті белдеуінің құрылысы аяқталды. Сыртқы су құбыры және электрмен жабдықтау желілері тартылды. Спорт залының металл қаңқасына қабырғалық сэндвич-панельдер мен салмақ түсетін қабырғалар төселеді. Мониторинг барысында депутаттар мердігер компания өкілдеріне өз ұсыныстарын білдірді. Бұл нысан толық аяқталып, іске қосылғанға дейін тұрақты депутаттық бақылауда қалады.