Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Құрметті жерлестер!
10-01-2022 08:56
Құрметті жерлестер!

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің бірқатар өңіріндегі қайғылы оқиғалар салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты 10 қаңтарды Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Мемлекеттік тулар төмен түсірілді. Біз бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, елдегі жаппай тәртіпсіздік барысында қаза тапқан әскери қызметшілерге құрмет көрсетеміз.

Қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына шын жүректен көңіл айту.

Президент айтқандай, «Біздің тарихымыздағы осы қара жолақты тез жеңетінімізге күмән жоқ. Ең бастысы-болашақта мұндай оқиғалардың қайталануына жол бермеу».

Құрметті жерлестер, осы қиын-қыстау кезеңде әрқайсымызға жауапкершілік танытып, бірлік пен ауызбіршілікті сақтау қажет.

Облыстық мәслихат депутаттары