Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы IV тоқсандағы жұмыс жоспарының орындалуы туралы АҚПАРАТ
14-01-2022 09:33

Павлодар облыстық мәслихатының төртінші тоқсандағы қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, облыс әкімдігімен, облыстық басқармалармен, департаменттермен, қалалық, аудандық әкімдіктермен және мәслихаттармен, қоғамдық ұйымдармен, саяси партиялармен, облыс тұрғындарымен тығыз өзара іс-қимылда жұмыс жоспарымен бекітілген Регламентке сәйкес және негізінде жүзеге асырылды.

Облыстық мәслихат хатшысы Ернұр Айткенов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының облыстық мәслихаттар хатшыларымен, жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес мүшелерімен және "Өңір"депутаттық тобымен кездесуіне қатысты. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ел Президентінің Жолдауында аумақтық даму бөлігінде қойылған міндеттерге: қалалар мен ауылдарды жүз пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз ету, өңірлердің экологиялық проблемаларын шешу және т.б. мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталды. Мәслихаттардың міндеті-бөлінетін қаражаттың тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру және жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу. Сенаторлар өңірлерді, оның ішінде ауылдық аумақтарды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтті. "Өңір" тобы жұмысының басым бағыттарының бірі – ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз ету, ішкі көші-қон және басқа да мәселелер. Топ депутаттары өңірлерге жиі барып, проблемаларды анықтау үшін жергілікті тұрғындармен кездесіп, оларды шешудің ықтимал жолдарын республикалық деңгейде қарастыруды жоспарлап отыр.

4 тоқсанда облыстық мәслихаттың үш сессиясы өтті: 26 қарашада, 10 желтоқсанда және 23 желтоқсанда. 42 мәселе қаралды. Сессиядағы барлық мәселелер департаменттер мен басқармалардың басшыларын, бейінді үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін шақыра отырып, тұрақты комиссиялардың отырыстарында тыңдалды. Олардың негізгілері: 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет, 2021 жылға арналған облыстық бюджетті нақтылау, агроөнеркәсіптік кешен салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жер ресурстарын басқару үшін жағдайлар жасау, облыстағы тұрғын үйлерді, әлеуметтік объектілерді салу, жөндеу сапасы мен тиімділігі туралы мәселелер. Павлодар облыстық қоғамдық кеңесінің құрамы, Павлодар облысында жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидалары, мәслихаттың алты тұрақты комиссиясының атқарылған жұмыс туралы есептері, 2022-2024 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары және облыстық мәслихаттың 2022 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Сонымен қатар, облыс әкімдігі жанындағы оннан астам Үйлестіру кеңестері мен ведомствоаралық комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді. Облыстың жеті азаматына "Павлодар облысының Құрметті азаматы"атағы берілді.

Облыстық мәслихаттың барлық іс-шаралары ашықтық және айқындық режимінде өткізіледі. Сессия жұмысына облыс әкімі, оның орынбасарлары, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысады. Облыстық мәслихаттың хатшысы облыс әкімі өткізетін барлық отырыстарға, жедел кеңестерге қатысады. Депутаттар әкімнің тұрғындармен барлық кездесулеріне қатысады, түрлі Кеңестер мен ақпараттық-насихаттау топтарының мүшелері болып табылады.

Облыстық мәслихат комиссияларымен 9 отырыс өткізілді,  23 мәселе қаралды: облыста агроөнеркәсіптік кешен салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жер ресурстарын басқару үшін жағдай жасау, өнеркәсіптік кәсіпорындардың қоршаған ортаға эмиссияларының белгіленген лимиттерін төмендету, "ПМХЗ" ЖШС ең озық қолжетімді технологияларды енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы, 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет, Павлодар облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидалары, Павлодар облысында "Цифрлық Қазақстан" Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, құрылыс сапасы мен тиімділігі, тұрғын үйді жөндеу, облыстағы әлеуметтік нысандар және т.б.

Облыс халқының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге байланысты мәселелер депутаттардың тұрақты бақылауында. Осы кезеңде депутаттар 30-дан астам түрлі нысандарды қамтыды, соның ішінде 2021 жылға арналған Жұмыспен қамту жол картасы аясында: Сұлтанов ат. облыстық аурухананың жаңа ғимараты, Мойылды ауылындағы 100 орындық мектепке қосымша құрылыс, Жетекші ауылындағы 100 орындық шағын орталығы бар 300 орындық мектеп, Сарыарқа шағын ауданындағы мектеп және көп қабатты тұрғын үй және т. б.

Төртінші тоқсанда облыстың әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне қатысты 50 депутаттық сауал жолданды.

Облыстық мәслихаттың сессиялары мен тұрақты комиссиялары отырыстарының өткен кезеңдегі жұмысын облыстың бұқаралық ақпарат құралдары депутаттардың жеке акаунттарында жариялап отырды..

Өткізілген сессиялар мен тұрақты комиссиялар туралы барлық материалдарды және облыстық мәслихаттың басқа да жаңалықтарын облыстық мәслихаттың сайтынан табуға болады.