Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Облыстық қоғамдық кеңестің ұйымдастыру отырысы
17-01-2022 16:51
Облыстық қоғамдық кеңестің ұйымдастыру отырысы

Бүгін 2022 жылдың 17 қаңтарында "Nur Otan" партиясынан облыстық мәслихаттың хатшысы Ернұр Нұрмұқанұлы Айткеновтың төрағалығымен жаңа құрамдағы облыстық қоғамдық кеңестің алғашқы ұйымдастыру отырысы өтті.Төраға мен оның орынбасары, төралқаны сайлау мәселесі шешілді. Нұрлан Абзалұлы Нәбиев,  облыстың Құрметті азаматы, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы болып сайланды. Төрағасының орынбасары болып облыстың Құрметті азаматы Александр Васильевич Рюмкин сайланды.

Қоғамдық кеңесте 5 комиссия құрылды: өңір экономикасының өсуі, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту мәселелері бойынша.