ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы, «Nur Otan» партиясынан депутат Ернұр Айткенов а.ж. 18 қаңтарында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Өтініш берушілер мемлекеттік қызметке орналасу, бизнес нысанының жер учаскесін жалға алу, әлеуметтік көмек көрсету және т.б. мәселелер бойынша өтініш білдірді.
Екі мәселе бойынша оң шешім қабылданды, қалғандары бойынша түсініктемелер берілді.