Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Малдың қыстау барысы туралы
20-01-2022 12:15
Малдың қыстау барысы туралы

Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы «Nur Otan» партиясы атынан Жол картасы аясында 2022 жылғы 19 қаңтарда қалалар мен аудандар әкімдерінің қатысуымен бейнеконференция режимінде мал қыстау барысы туралы кеңес өткізді.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрболат Мақашев баяндама жасады. Ол қыстау штаттық режимде өтіп жатқанын хабарлады. Жалпы облыста 1018 шалғайдағы мал шаруашылығы учаскелері бар, қыстауға 457 учаске тартылған. Өңірде азық қоры 1058 мың тоннаны құрайды. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы мал қыстауын ойдағыдай өткізу мақсатында шөп шабу үшін 164 тнг/л бағасымен 4 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Сонымен қатар, облыстық бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлінді, олар облыстың шағын және орта ауыл шаруашылығы құрылымдарын жемшөпті субсидиялауда қолдауға бағытталған. 2022 жылы мал шаруашылығын субсидиялауға 6,5 млрд.теңге көзделген.

Мал қыстауын ойдағыдай өткізу үшін барлық бағыттағы жұмыстар жалғасуда және депутаттық бақылауда.

Осы кеңес шеңберінде Аққулы, Баянауыл, Май аудандары, Екібастұз қаласы әкімдіктерінің есептері тыңдалды.