Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Павлодарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты «Павлодарэнерго» АҚ жұмысшы - азаматтарын қабылдады
21-01-2022 15:32
Павлодарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты «Павлодарэнерго» АҚ жұмысшы - азаматтарын қабылдады

2022 жылдың 20 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Адамбеков Тiлектес Серiкбайұлы онлайн форматта азаматтарды қабылдады.

«Nur Otan» партиясының Павлодар облыстық филиалының алаңында «Павлодарэнерго» АҚ өтініш беруші - қызметкерлері, облыстық мәслихат депутаты, Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Динара Айтжанова, партиялық бақылау Комиссиясының төрағасы Олег Костенко қатысты.

«Павлодарэнерго» АҚ үйішілік желілері қалалық кәсіпорнының қызметкерлері Энергетика қызметкерлерінің әлеуметтік пакетті алу мүмкіндігін жасау үшін табиғи монополиялар туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныспен шықты.

«Жалақының төмендігі, сауықтыру мен емдеуге әлеуметтік жеңілдіктердің болмауы кәсіпорынға жас мамандарды тартпайды. Біздің жұмысымыз көп еңбекті қажет ететін және жауапты, ол арнайы білім мен жоғары біліктілікті талап етеді, ал жалақы өңірдің басқа өндірістерімен салыстырғанда өте төмен. Нәтижесінде сала мамандарының жаппай кетуі және табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын энергетика кәсіпорындарындағы бос жұмыс орындарының көптігіне байланысты жағдай қалыптасты. Бүгінде қызметкерлердің жетіспеушілігі кейбір бөлімшелерде 30 пайызға дейін жетеді», - деп атап өтті өтініш берушілер. Қызметкерлер атынан «Энергожүйе қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Балтабек Толеубаев өз пікірлерін білдірді.

Облыстық мәслихат депутаты Динара Айтжанова атап өткендей, «энергетиктер қабылдауға мұқият дайындалды, қолданыстағы табиғи монополиялар туралы заңнаманы, сарапшылардың пікірін зерттеді, тарифті көтермей энергетиктерге әлеуметтік қолдау жасау үшін қолданыстағы табиғи монополиялар туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар пакетін әзірлеп, Мәжіліс депутаты Т.С. Адамбековқа ұсынды».