Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Мемлекет басшысының Жолдауы бойынша
16-03-2022 18:57
Мемлекет басшысының Жолдауы бойынша

Мемлекет басшысынының «Жаңа Қазақстан: жанару мен жаңғыру» атты Қазақстан халқына жолдауының «ерекше маңызы бар». Президент атап өткендей, «оның мазмұны мен көлемі бір жылдан асады». Жолдауда жаңа Қазақстан бағыты көрсетілген.

Мәслихаттардың рөлін арттыру басты мәселелердің бірі болып табылады. Саяси жаңғыру аясында мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі элементіне айналуы тиіс. Бұл тұрғыда мәслихаттардың өкілеттіктерін нақты белгілеу қажеттігін атап өтті.Әкімдерді сайлауды ескере отырып, өңірлерді қаржыландыру жүйесін қайта қарауды, озық халықаралық тәжірибені ескере отырып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын тікелей қаржыландыру тетігін енгізуді, олардың мүліктік базасын кеңейтуді тапсырды.Ең алдымен мәселе ауылдық округтер туралы болып отыр. Мұның бәрі, әрине, жағдайға нақты әсер етуге және жауапкершілікті көтеруге мүмкіндік береді.Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, «жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің нақты нығаюына аймақтардың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.