Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
АГРАРЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНДА
17-03-2022 12:02
 АГРАРЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНДА

Облыстық мәслихат депутаты Уразбаев Сайлаудың төрағалығымен облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Отырыс барысында ветеринария басқармаларының, аумақтық ветеринариялық бақылау инспекциясының өкілдері тыңдалды.

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Қайыржан Байжанов, аумақтық ветеринариялық бақылау инспекциясының басшысы Бәке Тасыбаев өңірде ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы ақпарат берді. Сұрақтардан кейін тұрақты комиссия мүшелері жеке салалар бойынша басшыларға ұсыныстар берді. Мәселе келесі сессияда қарауға ұсынылды.