Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Сенатор Павлодар облысында болды
24-03-2022 17:15
Сенатор Павлодар облысында болды

Ағымдағы жылдың 24 наурызында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұржан Нұрсипатов жұмыс сапарымен Павлодар облысында болып, шекара қызметі департаментінің базасында ҰҚК, прокуратура, сот және шекара қызметінің басшыларымен кездесті. Басшыларға шекара қызметі әскери қызметшілерінің қару-жарағы, техникасы мен киім нысаны көрсетілді.

ҰҚК Павлодар облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің бастығы полковник Ғани Бекмурзаев жедел – қызметтік іс-әрекеттер мен проблемалық мәселелер туралы хабардар етті. Нұржан Нұрланбекұлы Жолдаудың негізгі басымдықтары, ҚР Парламенті Сенатының жұмысы бойынша кездесуде қатысушылармен алмасып, әріптестерінің сұрақтарына жауап берді . Сенатордың жұмыс сапары кезіндегі маршруты пункттерінің бірі «Шарбақты»халықаралық өткізу пункті (автомобиль) болды.  Бөлімшенің әскери қызметшілерімен кездесіп, шекара күзеті қызметін атқару жағдайымен, сондай-ақ адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді мемлекеттік шекара арқылы өткізу тәртібімен танысты.