Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Экология және қоршаған ортаны қорғау туралы
28-03-2022 18:13
Экология және қоршаған ортаны қорғау туралы

А.ж. 28 наурызда облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті, онда экология департаментінің, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының өкілдері тыңдалды. Сондай-ақ, Павлодар облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы шақырылды.

Комиссияның күн тәртібіне облыста жүргізілетін Қоршаған ортаны қорғау және экология жөніндегі жұмысқа, Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелеріне, Павлодар облысы бойынша 2022 жылға арналған жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелеріне қатысты мәселелер шығарылды. Сонымен қатар, Ертіс ауданының тұрғындарымен кездесу қорытындысы бойынша Ертіс ауданы Қоскөл ауылдық округінің Қызылқақ ауылының аумағындағы шаруашылықсыз өздігінен төгілетін артезиан ұңғымаларын ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру және Ертіс ауданы Сілеті ауылдық округінің Сілеті ауылындағы Сұлукөл көлінің жағдайына байланысты ағымдағы жағдай туралы ұсыныстар тыңдалды. Депутаттарды сұрапыл қоқыс үйінділерін жою, азаматтардан келіп түскен ақпаратты өңдеу, масалармен күрес және басқа да мәселелер қызықтырды.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.