Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Тұрақты комиссия отырысынан
29-03-2022 18:35
Тұрақты комиссия отырысынан

Облыстық мәслихаттың депутаты Илья Теренченконың төрағалығымен облыстық мәслихат азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті, онда: кәмелетке толмағандарға қатысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету, зорлық-зомбылықтың және қатыгез қарым-қатынастың алдын алу жөніндегі жұмыс туралы; Павлодар облысының кейбір білім беру ұйымдарын қайта атау туралы мәселелер қаралды; Павлодар облысының аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға бағытталған азаматтық қорғау саласындағы жұмыс туралы.

Облыс бойынша төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жасулан Джумашев өз баяндамасында депутаттарды облыстағы тұрақты жағдай туралы хабардар етті. Су тасқынының алдын алу мәселесін қосымша зерттеу үшін қосымша отырыс өткізу туралы шешім қабылданды.

Отырыс қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді, тұрақты комиссия мүшелері облыстық мәслихат сессиясында қарау үшін ұсынылған жобаларды қолдады.