Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
BRAINSTORMING «Павлодар облысының жоспарын іске асырудағы қоғамдық кеңестер мен мәслихаттардың рөлі»
01-04-2022 16:25
BRAINSTORMING «Павлодар облысының жоспарын іске асырудағы қоғамдық кеңестер мен мәслихаттардың рөлі»

    2022 жылғы 31 наурызда Достық үйінде «Павлодар облысының жоспарын іске асырудағы қоғамдық кеңестер мен мәслихаттардың рөлі» тақырыбында BRAINSTORMING өтті.

       Іс-шараның жаңа форматы шағын топтарда қоғамдық кеңестердің, мәслихаттар мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының оңтайлы моделін әзірлеуге бағытталған.  

    Депутат, Павлодар облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Динара Айтжанова ми шабуылының интерактивті форматында, қойылған міндетті шешу құралдарын талқылау және әзірлеуге қатысты.

    Барлық деңгейдегі мәслихаттардың хатшылары мен облыстың, қалалар мен аудандардың қоғамдық кеңестерінің төрағалары дауыс беру арқылы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының қоғамның әл-ауқатын жақсарту жөніндегі міндеттерін іске асыру үшін ең жақсы ұсыныстарды таңдады.