Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысынан
01-04-2022 19:08
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысынан

Бүгін облыстық мәслихаттың хатшысы Ернұр Айткенов пен депутаттардың қатысуымен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті, оны депутат, төраға Илья Теренченко өткізді.

     Су тасқыны кезеңінде Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қайрат Шаймарденов атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Ол жедел жағдай және «2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасын»іске асыру туралы ақпаратты ұсынды.

     Халықтың қауіпсіздігі саласындағы маңызды және өзекті мәселені қарап, отырысқа қатысушылар ұсынымдар берді.

      Ұсынылған комиссия қаулысының жобасын облыстық мәслихат депутаттары қолдады.