Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Депутаттар Президент Жолдауын жүзеге асыру барысы туралы
01-04-2022 19:36
Депутаттар Президент Жолдауын жүзеге асыру барысы туралы

Депутат, облыстық мәслихат хатшысы Ернұр Айткеновтың төрағалығымен Мемлекет Басшысының а.ж. 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша облыстық мәслихат депутаттарының кеңесі өтті. Ернұр Нұрмұханұлы өз сөзінде еліміздің толық саяси жаңғыруына бағытталған биылғы Жолдаудың ерекше мәні бар екенін атап өтті. Оның мазмұны мен ауқымы бір жылдан асады және, әрине, үлкен тарихи маңызы бар. Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған жоғары мақсаттар қойылды. Президент айтқандай, «Елге мықты өкілді билік қажет, онда халықтың сенім мандаты бар жауапты депутаттар мемлекет өмірінде маңызды және белсенді рөл атқаратын болады». Азаматтардың өкілді билікке деген сенімінің рөлін арттыру үшін Жолдауда мәслихаттарға ерекше назар аударылған. Кездесу барысында Жолдаудың барлық басымдықтары мен депутаттық корпустың алдында тұрған міндеттер жөнінде іскерлік пікір алмасылды. Бұл туралы депутат Серік Джартыбаев, депутат, облыстық мәслихаттағы «Аманат» саяси партиясы фракциясының жетекшісі, партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Илья Теренченко, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан депутат Болат Аманжолов, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясынан депутат Павел Ярошенко,  депутат, Павлодар облысы бойынша «Казпрофметалл» тау-кен металлургия өнеркәсібі салалық кәсіподағының төрағасының орынбасары Даумова Раушан айтты.

Депутаттық корпустың 2021 жылғы жұмысын қорытындылай келе, облыстық мәслихат хатшысы депутаттық қызметтің негізгі мәселелеріне және Мемлекет Басшысының Жолдауда көрсетілген тапсырмаларын орындау аясындағы міндеттерге тоқталды. Ернұр Нұрмұханұлы жекелеген депутаттардың мақсатты, атаулы жұмысы мен бастамаларын атап өтті, сондай-ақ депутаттық қызметті жандандыруды қажет ететін әріптестеріне жүгінді.