Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНАН
07-04-2022 19:21
КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНАН

Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде облыстық мәслихаттың депутаты Серік Сәдуақасовтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Отырысқа облыстық мәслихат хатшысы Ернұр Айткенов қатысты.

Облыс мәслихатының "2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" және "2021-2023 жылдары іске асыруға жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы" шешімдеріне өзгерістер енгізуге қатысты күн тәртібінің алғашқы екі мәселесі бойынша баяндамаларды облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчук ұсынды.

Бұдан әрі отырысқа қатысушылардың назарына Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша ұсыну туралы ақпарат ұсынылды.

Сондай-ақ, облыс бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы 2018-2024 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы сұрақтарымен баяндамашылар тыңдалды.

Депутаттар мәселелердің әрқайсысын белсенді талқылады. Облыстық мәслихат хатшысы Ернұр Айткенов облыс мектептерін күрделі жөндеу мерзіміне ерекше назар аударып, биылғы жылдың тамыз айына қарай білім беру нысандары дайын болуы тиіс екенін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша барлық мәселелер таяудағы сессияның қарауына шығарылды.