Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-на жұмыс сапары
05-05-2022 17:53
«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-на жұмыс сапары

Павлодар облыстық мәслихат хатшысы, «AMANAT» партиясы атынан депутаты Айткенов Ернұр әріптестерімен Чидунчи Ирина, Даумова Раушан, Лепехин Сергеймен бірге «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының «Өнеркәсіп кәсіпорындарының ластаушы заттар шығарындыларының көлемін 2022 жылы 710 мың тоннаға дейін азайту» бағыты бойынша өңірлік Жол картасын іске асыру шеңберінде «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ (бұдан әрі-ГРЭС-2) барды.

«ЭГРЭС-2» АҚ - Қазақстан Республикасындағы барынша заманауи және серпінді дамып келе жатқан станциялардың бірі болып табылады.К турбиналары бар 500 МВт 2 энергоблок құрамында-500-240-4 п-57р бу өнімділігі 1650т/сағ. Бірінші энергоблок 1990 жылы 25 желтоқсанда іске қосылды. Екінші блок 1993 жылы 22 желтоқсанда орнатылып, іске қосылды.«ЭГРЭС-2» АҚ акционерлері: акцияларының 50% иеленетін «Самұрық-Энерго» АҚ (Қазақстан Республикасы); акцияларының 50% иеленетін «Самұрық-Қазына «Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (Қазақстан Республикасы) болып табылады.

Қызметтің негізгі түрлері: электр энергиясын өндіру және өткізу. Шығарылатын өнім: электр энергиясы және жылу энергиясы, электр станциясының электр қуаты 1000 МВт.  2021 жылы белгіленген қуатты пайдалану коэффициенті 73,4% - тіқұрады. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында электр энергиясын өндіру 1880 млн.кВтсағ. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында жылу беру 29,7 мың Гкал. Ағымдағы жылдың 1 мамырына жұмыс істейтіндердің саны 1482 адамды құрайды.

Кәсіпорында депутаттарға облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының бақылауында тұрған Жол картасының индикаторларын іске асыруға бағытталған қызмет туралы айтылды.