Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Екібастұз қаласындағы «Проммашкомплект» ЖШС-не жұмыс сапары
05-05-2022 18:16
Екібастұз қаласындағы «Проммашкомплект» ЖШС-не  жұмыс сапары

Павлодар облыстық мәслихат хатшысы, «AMANAT» партиясының депутаты Айткенов Ернұр Екібастұз қаласындағы «Проммашкомплект» ЖШС-не әріптестері Чидунчи Ирина, Даумова Раушан, Лепехин Сергей, Құспеков Булатпен бірге келді.

«Проммашкомплект» ЖШС - бұл бағыттамалы өнімдер мен теміржол дөңгелектерін өндіретін заманауи зауыт. Жоба республикалық Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылуда. Бұл Қазақстанда аналогы жоқ инновациялық жоба, сондай-ақ посткеңестік кеңістікте бағыттамалық өнім шығару бойынша бесінші зауыт болып табылады. Зауыт 2012 жылдың соңында іске қосылды. Жабдық-станоктар СББ Швейцарияда, Германияда, Чехияда, Белоруссияда өндірілген. Жоспарлы өндіріс көлемі-жылына 75 мың доңғалақ және 1 мың бағыттамалы бұрмалар. Мақсатты нарықтар-ТМД, Балтық, ҚХР, ЕО, Шығыс Еуропа. «Проммашкомплект» ЖШС алдын ала керілген брус, скреп, ось шығару бойынша бірқатар инновациялық өндірістер құрады және темір жол доңғалақтарының өндірісін кеңейтеді, соның негізінде Екібастұз қаласында темір жол кластері өрістетілетін болады.

Депутаттар темір жол жабдықтарын шығаратын инновациялық кәсіпорынмен танысып, «Проммашкомплект» ЖШС қызметінің перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар, депутаттар жол картасы аясында Екібастұз қаласында жаңа үйлердің салыну барысымен танысты.